Модельдер
Lynk & Co 03
Бағасы 11 490 000 ₸ бастап
Толығырақ
Lynk & Co 08
Бағасы 22 890 000 ₸ бастап
Толығырақ
Lynk & Co 09
Бағасы 22 390 000 ₸ бастап
Толығырақ
Lynk & Co 900
31 990 000 ₸ бастап
Толығырақ

Lynk & Co 900 Қазақстанда ресми түрде: бағасы 31 990 000 теңге, қуаты 718 а.к., кепілдігі 8 жылға дейін

Orbis Auto автомобиль тобына кіретін Lynk & Co брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы флагмандық Lynk & Co 900 моделіне алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Алты орындық plug-in гибрид еуропалық спецификациядағы толық жетекті 2.0 Ultra жинақтамасында 31 990 000 теңге бағамен ұсынылады.

Қазақстандық сатып алушыларға Lynk & Co 900 бағдарламалық жасақтамасы мен навигациясы 100% локализацияланған түрде, зауыттық кепілдікпен және ресми дилерлік желіде қызмет көрсету мүмкіндігімен ұсынылады. Автомобильге бес жылға дейін, ал гибридті жүйе компоненттеріне сегіз жылға дейін кепілдік беріледі. Көлік иелеріне түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарлар да қолжетімді болады. Қазақстан нарығына арналған нұсқа БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) қолданыстағы Қағидаларының талаптарына сәйкестігін растау рәсімдерінен өтті.

Сатылым басталар алдында автомобильді жергілікті жағдайларға бейімдеуге ерекше назар аударылды. Lynk & Co 900 климаттық ерекшеліктер мен пайдалану жағдайларын ескере отырып, Қазақстан жолдарында 90 күндік сынақтан өтуде. Бренд үшін бұл — модельді Қазақстан нарығына ресми шығарғанға дейін жүргізіліп жатқан алғашқы осындай жергілікті сынақ циклі.

«Lynk & Co 900 — брендтің премиум сегменттегі нағыз флагманы әрі Қазақстан нарығындағы ең көп күтілген ресми премьералардың бірі. Біз үшін клиенттерімізге тек ресми түрде жеткізілетін автомобильді ғана емес, Қазақстан жағдайында сыналған және біздің нарыққа бейімделген еуропалық нұсқаны ұсыну аса маңызды болды. Сонымен қатар тартымды бағаны сақтап қалдық — 2.0 Ultra үшін 31 990 000 теңге. Енді клиенттер 900 моделін ашық сатып алу шарттарымен, ресми қолдаумен және көлікті сатып алғаннан кейін де алаңсыз пайдалануға деген сеніммен ала алады», — деп атап өтті Lynk & Co брендінің Қазақстандағы дистрибуция директоры Айгерим Тулегенова.

Lynk & Co 900 ірі гибридті автомобильдерге арнап әзірленген SPA Evo архитектурасына негізделген. EM-P plug-in гибридті жүйесі екі литрлік бензин қозғалтқышы мен электр моторларын біріктіреді. Оның жиынтық қуаты 718 а.к. құрайды. Толық өлшемді кроссовер 100 км/сағ жылдамдыққа 4,9 секундта дейін үдейді.

Сыйымдылығы 52 кВт·сағ батарея автомобильге тек электр қуатымен жүріп, 220 км-ге дейінгі мәлімделген жүріс қашықтығын қамтамасыз етеді. Гибридті режимдегі жалпы жүріс қашықтығы 1040 км-ге жетеді. Екі көрсеткіш те WLTC циклі бойынша келтірілген. Тұрақты токпен 20%-дан 80%-ға дейін зарядтау 17 минутты алады. Автомобиль үш сатылы DHT Pro гибридті трансмиссиясымен, екі камералы пневматикалық аспамен және электронды басқарылатын амортизаторлармен жабдықталған. Бес жүргізу режимі қарастырылған: Hybrid, Electric, Performance, Snow және Off-Road.

Lynk & Co 900 моделінің ұзындығы — 5240 мм, ені — 1999 мм, доңғалақ базасы — 3160 мм, жол саңылауы — 194 мм. Салондағы орындар 2+2+2 схемасы бойынша орналасқан. Екінші қатардағы екі жеке орындық 180 градусқа бұрыла алады. Олар электрлік реттеу, желдету және массаж функцияларымен, сондай-ақ аяқ тірегіштерімен жабдықталған. Үш қатардағы барлық орындықтарда жылыту және массаж функциялары қарастырылған.

2.0 Ultra жинақтамасына ажыратымдылығы 6K болатын екі 30 дюймдік экран, проекциялық дисплей, 31 динамигі бар Harman Kardon аудиожүйесі және салқындату мен жылыту функциялары бар көлемі 9 литрлік тоңазытқыш кіреді. Жабдықтар қатарында сондай-ақ үш аймақты климат-контроль, жан-жақты шолу камералары, 540° шолуды қамтамасыз ететін «мөлдір шасси» жүйесі, бейімделгіш круиз-контроль, автоматты шұғыл тежеу, соқыр аймақтарды бақылау және тұраққа қою көмекшісі бар. ISOFIX бекіткіштері екінші және үшінші қатарларда қарастырылған.

1 қазаннан бастап Lynk & Co 900 моделіне алдын ала тапсырысты брендтің Алматы, Астана, Шымкент және Орал қалаларындағы ресми дилерлік орталықтары қабылдайды. Өңірлердегі модельге деген қызығушылықты ескере отырып, компания ресми сатылым географиясын кеңейтіп отыр: автомобиль Қазақстандағы Geely дилерлік желісі арқылы да қолжетімді болады. Lynk & Co және Geely брендтері Geely Group құрамына кіреді, ал екі брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторлары Orbis Auto автомобиль тобының құрамында. Lynk & Co 900 моделіне Алматы, Астана, Қостанай, Атырау, Павлодар және Қарағанды қалаларындағы Geely дилерлік орталықтарында да тапсырыс беруге болады. 15 қазанға дейін автомобиль құнының 100%-ын алдын ала төлеген клиенттерге 500 000 теңге жеңілдік беріледі.

Lynk & Co туралы

Lynk & Co — 2016 жылы Geely мен Volvo Cars компанияларының серіктестігі негізінде құрылған жаһандық автомобиль бренді. Оның ДНҚ-сында Қытайдағы ең ірі автоөндірушілердің бірінің технологиялық қуаты мен қауіпсіздік пен дизайнға ерекше мән беретін швед инженерлік мектебі ұштасқан. Zeekr премиум брендінің тарихы да Lynk & Co-мен тығыз байланысты: оның алғашқы моделі Lynk & Co әзірлеген концепция негізінде жасалған.

2026 жылы Lynk & Co өзінің он жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде әлем бойынша брендтің 1,8 млн-нан астам автомобилі сатылды. Он жыл, 1,8 млн автомобиль — және енді осы тарихтың флагманы Қазақстанда ресми түрде.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз: 8 7750311900.